Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында КСРО паспортымен тұрып жатқан 100 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұрып жатқан 100 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері  жеке бас куәлігінсіз тұрып жатқан, 1974 жылғы КСРО паспортын уақытында ауыстырмаған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Жеке бас құжаттары болмауына байланысты аталған тұлғалар жәрдемақы және зейнетақыны ресімдеу, денсаулық, білім алу  қызметтерін алуға шектелген. Заңды еңбек етуге мүмкіндіктері жоқ.

Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 100-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды.

Айта кетсек, Абай ауданының полиция бөліміне 52 жастағы Семей қаласының тумасы хабарласқан. Ол 1980 жылдары Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласына тұрақты тұру үшін  шығып кетіп, сол жерде 1974 жылғы КСРО паспортын ресімдеген. 1990 жылдардың басында Қазақстанға оралып, күйеуге шығып, бала-шағалы болған.

– Қазіргі уақытқа дейін әйел адам 1974 жылғы паспортпен тұрып келген. Аталған құжатты Ресей Федерациясында алғандығы және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне құжаттандыру үшін Ресейдің құзіретті органдарынан паспорттың берілуі туралы қажеттілікті растау қажет еді,- деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығы Ербол Бекпаев.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері көрші мемлекеттен қажетті құжаттарға сұрау салды. Ағымдағы жылдың 17 маусымында көптен күткен құжат келді.

Өз кезегінде әйел адам жеке бас құжатын ресімдеуге қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсеткен қызметкерлерге алғысын білдірді. Енді ол басқа қазақстандықтармен бірдей барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алатын болады.

Осыған байланысты, қандай да бір себептер бойынша  жеке бас құжаттары жоқ  Қазақстан Республикасы азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке бас  құжаттарын ресімдеу үшін тұратын жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласу керектігін ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру