Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер экстракциялық апиын дайындаған ақмолалықты ұстады

Полицейлер экстракциялық апиын дайындаған ақмолалықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының басында Бурабай ауданының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Щучинск қаласының 44 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындап, өзі тұтынып және басқа да есірткіге тәуелділермен бөліскені туралы жедел ақпарат алды.

8 тамызда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында шаруашылық құрылыстарында қатпарлы сыйымдылықтарды, есірткі дайындау үшін пайдаланылатын еріткіштерді, шприцтерді тауып алып, тәркіледі.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, алынған зат салмағы 25 грамнан асатын экстракциялық апиын болып табылады, бұл есірткі заттары туралы жиынтық кестеге сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру