Полицейлер көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған ақмолалықты мас күйінде ұстады
Полицейлер көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған ақмолалықты мас күйінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда қызмет көрсетілетін учаскені патрульдеу кезінде Атбасар қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен келе жатқан Racer мотоциклін тоқтатты. Көлік құралында мемлекеттік нөмірлік белгісі болмаған. Тексеру барысында жүргізушінің құқық белгілейтін құжаттары жоқ екені анықталды.
Әңгіме барысында полицейлер жүргізушіден шыққан алкогольдің өткір иісін сезді. Ол көлік құралын басқарудан шеттетіліп, медициналық тексеруден өтуге жіберілді.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас күйінде болған.
2021 жылдың қазан айында аталған азамат көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды.
Айта кету керек, Атбасар қаласының тұрғыны бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін екі рет сотталған. ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Атбасар ауданы ПБ УҰИ-ға қамалды.