Полицейлер көпбалалы отбасымен кездесті
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Атырау полицейлері бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің қызметкерлері атаулы мереке күні қаладағы Құспан-Молла мешітінде көпбалалы үш отбасымен кездесу өткізді.
Департамент басшысының орынбасары Б.Кушқалиев полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың атынан балаларды мерекелерімен құттықтап, елдің ертеңгі үлгі тұтар азаматы болуларына тіледі.
– Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, – дегендей, балақайлар полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қорғаушысы болумен қатар, қайырымды, қамқоршы ретінде де танығаны абзал, – дейді тәртіп сақшылары.
Кездесу барысында полицейлер балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтарды таратып, естелік суретке түсті.