Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тергеу изоляторының қызметкерлері “Үміт” сәбилеріне сыйлықтар таратты

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінің (тергеу изоляторы) қызметкерлері 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, “Үмiт” сәбилер үйiндегі ата-анасының қарауынсыз қалған бөбектерге базарлықтар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Карантин жағдайында аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасыларға көмек беруді өздеріне азаматтық парыз санайтын КА-168/1 мекемесінің қызметкерлері осылайша ендігі қайырымды істі ата-ананың махаббатына зәру сәбилерді қуантуға арнады. Олар бүлдiршiндерге киiм-кешектер мен ойыншықтар, сондай-ақ, тәттілер мен сусындарды сыйға тартты.


Балақайлар карантин жағдайындағы шектеулерге байланысты құқық қорғау қызметкерлерімен бетпе-бет кездесе алмаса да, түрлі сыйлықтарды жөнелткен қызметкерлерге тәрбиешілері арқылы алғыстарын жеткізді.

– Қазақ жетімін жылатпаған халық. Бүгінгі мереке қарсаңында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған сәбилерге жүрек жылуын төгіп, мейiрiм шапағатын беруді дұрыс деп таптық. Осындағы бір сәбиді қуанта алсақ – ол біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан, осындай шаралар алдағы күндері жалғасын табатын болады, – дейді кадр саясаты бөлімшесінің басшысы Әсел Малайдарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру