Полицейлер мұқтаж отбасыға көмек қолын созды
Атырауда полицейлер аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың біріне көмек көрсетті.
– Отбасының жағдайы өте қиын. Жалғызбасты әйел төрт баласын өзі тәрбиелеп отыр, балалардың үлкені 12 жаста, ал кішілері – екі жастағы егіздер, – дейді Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Азамат Қарамұратов.
Инспекторлар азық-түлік, балаларға жылы киімдер және үйге қажетті басқа да тұрмыстық заттарды сатып алып, отбасына табыс етті.
Полицейлер тарапынан көрсетілген қолдауға риза болған жалғызбасты әйел тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.