Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарағандылық зейнеткердің мүлкін қайтарып берді

Полицейлер қарағандылық зейнеткердің мүлкін қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамызда Қарағанды облысы Абай ауданының 59 жастағы тұрғыны полиция бөліміне хабарласқан. Белгісіз біреу үйінің есігін сындырып, газ плитасы, екі темір кереует, кір жуғыш машина секілді тұрмыстық заттарды ұрлап кеткен. Жәбірленуші шығынды 124 700 теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы қала тұрғынын анықтады, ол кінәсін мойындады.

Күдіктіге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру