Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қонаққа келіп, адасып қалған баланы әжесіне тапсырды

Шымкент полицейлері қалаға қонаққа келіп, адасып қалған төрт жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусым сағат 20:50 шамасында Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әжесі немересінің жоғалғандығы туралы арызданған. Төрт жасар бала әжесімен бірге Түркістан облысынан Шымкент қаласындағы туыстарының үйіне қонаққа келген.

Хабарлама бойынша шұғыл іздеу жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары сағат 21:35 шамасында баланы көшеде кетіп бара жатқан жерінен тауып, туыстарына тапсырды. Аулаға ойнауға шыққан бала байқамай үйден алыстап кетіп, адасып қалған.


Полицейлер Нұржігіт Борибеков, Даулет Абубакиров, Жәнібек Темір  және Айдос Бейсенбайдың қырағылығы мен адал қызметінің арқасында бала есен-аман отбасына қайтарылды.

Балаларыңызды назардан тыс қалдырмаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру