Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Қостанай облысының тұрғындарын сан соқтырған алаяқты қолға түсірді

«Anti-fraud» жедел алдын алу шарасының екінші күнінде Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттердің схемасын жедел анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайдың 34 жастағы тұрғынының атына интернет-ресурстарды пайдалана отырып, 1 млн 800 мың теңге сомаға онлайн-қарыз рәсімдемек болған.

– Алаяқ тіпті несие рәсімдеп үлгерген. Тек ақшаның картаға аударылуын күткен. Жәбірленуші бұл деректі анықтаған кезде ол бірден полицияға жүгінді. Полицейлер бұл аудармаға бірден тосқауыл қойды, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Сондай-ақ Алматыда жедел алдын алу шарасы аясында республикалық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды. Ол ұялы телефондарды төмен бағамен сатамын деп, олар үшін алдын ала төлем алып отырған. Бірақ іс жүзінде сатып алушыларға телефондар бермеген. Осылайша, күдікті Қостанай облысының 16 тұрғынын алдаған.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желідегі жарнамаға сенбеу және бейтаныс азаматтарға ақша аудармау, сондай-ақ өз деректерін үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы тағы да ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру