Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер шымкенттік тұрғыннан марихуана тәркіледі

Полицейлер шымкенттік тұрғыннан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақта патрульдеу кезінде күдік тудырған азаматты байқап, тоқтатты. Оның жеке басын анықтау барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) қылмыстық іс тіркелді.

Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 2,93 граммға жуық “марихуана” екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру