Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер үш петропавлдықтан ұрланған велосипедтерді тәркіледі

Полицейлер үш петропавлдықтан ұрланған велосипедтерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері адамдардан шығу тегі күмән келтіретін мүлікті сатып алмауды сұрайды. Егер ол ұрланған болса, заңды иелеріне қайтару үшін тәркіленеді.

Петропавлда үш адам 18, 20 және 25 мың теңгеге “қолдан” сатып алынған Forward, Focus және E-Friend велосипедтерінен айырылды. Белгілі болғандай, үш велосипед те Жамбыл көшесіндегі көппәтерлі үйлердің кіреберісінен ұрланған. Қаскөй – мүліктік қылмыстары үшін өтелген соттылығы бар 42 жастағы қала тұрғыны. Қандай үйлер ашық қалғанын қарап жүрген не болмаса тұрғындармен бірге кіріп кеткен. Ішінен құлыпталмаған велосипедтерді таңдап алған.

Ер адам полиция қызметкерлерімен ұсталды, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс материалдары сотқа жіберілді. Қазіргі уақытта қылмыскер 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатыр. Полицейлер тәркіленген және иелеріне қайтарылған велосипедтерді сатып алушыларды да іздеп тауып алды.

– Сақ болыңыздар, өз мүлкіңіздің сақталуына жауапкершілікпен қараңыздар, сондай-ақ күмәнді заттарды сатып алуға келіспеңіздер, осылайша сіз қаскөйлерге жаңа мүліктік қылмыстарды жасауға жол бересіз. Бұдан бөлек, заңмен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәркіленген мүлік үшін өтемақы көзделмейтінін есте ұстаған жөн, – дейді СҚО ПД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру