Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жоғалған 3 жастағы баланы анасына қайтарды

Қызылордада үй маңынан жоғалып кеткен үш жастағы балақай табылды, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Қызылорда облысының ПД Қазалы ауданының полиция бөліміне 18 қазан күні сағат 17:40 шамасында аудан  тұрғынынан үйінің ауласында ойнап жүрген  үш жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Аталған хабарлама бойынша полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын бастап, қала аумағын түгел аралады.

Қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала бір сағат ішінде аудан орталығының шеткі көшелерінің бірінен табылды.

Полиция қызметкерлері баланы анасына тапсырды. Ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған баланың ата-анасымен профилактикалық  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды және баладан көз жазып қалған  жағдайда өз бетінше іздеу шараларына уақыт жоғалтпай, дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру