Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерді уақытында ауыстыруды ескертеді

Алматы қаласының көлік жүргізушілеріне полиция департаменті маңызды үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында әкімшілік полиция – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік құралдарының техникалық регламенттерге, стандарттарға және пайдалану ережелеріне сәйкестігін бақылауға жауапты уәкілетті орган.

– Алдағы күндері ауа райының нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осыған орай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз, – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Оның айтуынша, “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі. Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру