Полиция басқармасының бастығы блогерлермен кездесу өткізді
Қызылордада Полиция басқармасының бастығы блогерлермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Искаков белсенді блогерлермен кездесу өткізді.
Басқарма бастығы полицияға халықтың сенімін арттыру мақсатында қоғамның белсенді өкілдерімен ашық сұхбаттасудың тиімділігіне назар аударды.
Кездесуге қатысқан блогерлер учаскелік полицейлердің халыққа жақын болуын және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті полицияның қызметіндегі кейбір проблемалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешуге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.
Олар жергілікті атқарушы органдармен қала көшелерінде жол белгілерін орнатуға және полиция қызметкерлерімен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілетін рейдтерге қатысатынын да атап өтті.
Кездесу барысында блогерлер тарапынан көптеген талап-тілектер мен ұсыныстар айтылды.
Басқарма басшысы әлеуметтік желі белсенділерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Кездесу соңында блогерлер ашық диалог үшін Басқарма басшылығына алғыстарын білдіріп, оларға қиын да жауапты қызметтерінде табыс тіледі.