Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкері жоғалған баланы ата-анасымен табыстырды

Павлодар қаласында полиция қызметкері сауда үйделердің бірінде ата-анасынан адасып қалған баланы ата-анасымен табыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар сауда үйлерінің бірінде қыз бала адасып қалды. Оның жылап тұрған кейпін облыстық полиция департаментінің қызметкері Айдана Әмірова Лермонтов-Бектұров көшелерінің қиылысында байқап қалған. Жылаған баланы жұбатып, “102”-ге қоңырау шалады. Келген автопатруль жағалған 7 жастағы қызды Павлодар қалалық ІІБ Орталық полиция бөліміне алып кетті.

Өзінің жасына қарамастан Әнел полицейлерге туған-туысқандарының есімдерін, өзінің мекен жайын жатқа айта білді. Полиция қызметкерлері мәліметтерді тексеріп, әкесінің деректерін және телефон нөмірін анықтады. Баланың әкесі мен әжесі полиция бөліміне сол бойда жетті.

Оқушы бала отбасымен бірге 1 мамыр көшесінде орналасқан сауда үйіне барған. Үйге қайтарда Әнел машинаға қарай жүгіріп кеткен, бірақ басқа біреудің көлігімен шатастырып алыпты. Адасып кетуінің себебі сол.

Әкесі баланы қанша іздегенімен таба алмапты.

Әнелдің туған-туыстары полиция қызметкерлеріне және Айданаға қырағылық танытқаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру