Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар көбейіп кетті  

Ақтөбе облысында өзгенің атын жамылған алаяқтар көбейіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернеттегі алаяқтар әдетте азаматтардан ақша алу үшін бөтен біреудің құжаттарын пайдаланады (ақшаны айналдыру, спорттық ойындарға ақша тігу). Ақтөбелік алаяқтардың көбісі “Гүлнұр Байқадамованың” атын пайдаланып жүрді. Әйтсе де Гүлнұрдың ақша айналдырумен айналысатын ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ.

Осыдан біраз уақыт бұрын Ақтөбе облысының қарапайым ауыл тұрғыны әлеуметтік желілерде ақша айналдыру деген жарнамаға көзі түсіп, алаяқтардың қармағына ілінген.

Ақша табуға көмектесетінін айтқасын олар сеніп, әйелі болса жеке куәлігінің суретін өз бетіне жақындатып, түсіріп жібереді. Солай алаяқтар Wathsapp желісінде топ құрып, жәбірленушіні бірінші табысымен құттықтаған болып сенімді күшейтеді де, әйелді бірнеше отбасылық фото түсіруге үгіттейді.

Ешқандай күдік келтірместен барлық өтініштерді орындап, жеке суреттерін жіберді. Сол күннен бастап алаяқтар Гүлнұр Байқадамованың жеке деректерін, атын жамылып, өз мақсаттарына пайдаланады. Ал алданған адамдар Гүлнұрдың телефонына қоңырау шалып, ақшасын қайтарып беруді талап етеді. Ал бұл әрекеттерден ол хабарсыз еді…

Гүлнұрдың өзі азаматтарды интернеттегі алаяқтарға сенбеуді және алданған салымшыларға жеке мәліметтерін жібермеуді сұрайды. Себебі ол да алаяқтарға алданып қалған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру