Полиция қызметкерлері жоғалған баланың денесін тапты
Атыраулық полиция қызметкерлері жоғалған баланың денесін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 мамыр күні таңертең полиция қызметкерлері баланың денесін үй ауласындағы екі кәріз құдығының бірінен шығарды. Үй иелерінің айтуынша, ол кәріз құдығы пайдаланылмайды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Атырау облысы Полиция департаменті баланың отбасына қайғырып көңіл айтады және іздестіру жұмыстарына ат салысқан тұрғындарға алғыс білдіреді.