Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлеріне арнайы мемлекеттік тіл курсы басталды

Қостанай облысындағы Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілді үйренбек,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысындағы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында жаңа оқу жылы басталды. Биыл Қостанай облысы Полиция департаментінің 102 қызметкері қазақ және ағылшын тілін үйренбек.

Өткен жылмен салыстырғанда тыңдаушылардың саны артқан. 102 адамның 86-сы мемлекеттік тілді, 16-сы ағылшын тілін игеруге ниетті. Олар үш жыл көлемінде тілді терең меңгеріп шығады. Айта кетейік, былтыр 86 полицей «Тілдарын» орталығының сертификатына ие болған.

-Мемлекеттік тілді үйрену мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Департамент қызметкерлерінің қазақ тілінде таза сөйлеп, сауатты жазу үшін барлық жағдай жасалған. Соның ішінде, жылдам қимылдау арнайы жасағы мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер курсқа жазылған. «Тілдарын» орталығымен бірлесе отырып, бүгіндері көп жетістікке қол жеткіздік,-дейді Қостанай облысы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Әсемән Түгелбаева.

20-наурыз күні республикалық «Қазтест» диагностикалық тесті өтеді. Қазіргі таңда барлық тыңдаушылар қызу дайындық үстінде.

Қазақ тілі курсының белсенді тыңдаушылардың бірі – Вячеслав Нұржанов. Вячеслав жылдам арнайы қимылдау жасағының психолог маманы. Ол қазақша ауызекі тілде еркін сөйлейді, бірақ бұл оның мамандығы үшін аздық етеді. Сол себепті, ол мемлекеттік тілді еркін білуге талпынып жүр.

-Мемлекеттік тілді білу – әр қазақстандықтың міндеті. Қазір қазақ тілінде таза сөйлеуге еңбек етіп жатырмын,-дейді В.Нұржанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру