Полицияға хабарлама берген жасөспірім полицияға жеткізілді
Шымкентте полицияға хабарлама берген жасөспірім мен оның ата-анасы полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 19 желтоқсанында Шымкент ҚПД «Қаратау» АПБ-на «102» сымтетігі арқылы Шымкент қаласының Нұр-Сұлтан даңғылының бойында орналасқан «Ордабасы» тұрғын үй кешені №16 үйінің жертөлесінде жасөспірім қыздарды ұстап отыр деген хабарлама келіп түсті.
Хабарлама бойынша шұғыл барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері тексеру барысында хабарламаны Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданы №43 үйінің тұрғыны кәмелет жасына толмаған 2005 жылы туған ұл бала бергені белгілі болды. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған 2006 жылы туған қыз балалар алдау ойын ұйымдастырып, «Ордабасы» тұрғын үй кешені №16 үйдің автотұрағында отырғанын фотосуретке түсіріп, белгісіз азамат оларды күштеп ұстап отырғандығы туралы «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы досына хабарлама береді. Өз кезегінде досы аталған жайтқа сеніп қалған, полицияға телефон шалып, көмек сұрайды.
Сол күні полицияға хабарлама берген жасөспірім, алдау ойынын ұйымдастырған жасөспірімдер және олардың ата-аналары полицияға жеткізіліп, бұдан кейін осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында барлығымен профилактикалық сұқбат жүргізілді.