Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның сервистік жұмысының ауқымын кеңейту: Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО-ға жұмыс сапарымен келді

Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО-ға жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрлігі полиция жұмысының сервистік форматы ауқымын кеңейту бойынша жұмысты қамтамасыз етуде. Осы мақсатта ІІМ басшылығының тапсырмасымен ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Мұрат Баймұқашев Солтүстік Қазақстан облысына келді.
Облыс әкімімен өткен кездесуде қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделін енгізу сұрақтары талқыланды. Мұрат Баймұқашев стационарлық модульдік бекеттердің жұмыс істеуі мәселелері бойынша жергілікті полиция қызметі бөліністерінің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда полицияның үш модульдік бекеті жұмыс істеуде. Осындай тағы төрт бекетті жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр.

СҚО Полиция департаменті бөліністерінің жұмыстарын тексеру барысында ішкі істер министрінің орынбасары Жедел басқару орталығының жөндеу жұмысымен танысып, ведомстволық музейдің қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, Петропавл қаласы Полиция басқармасындағы “Азаматтарды қабылдау бөлмесімен” танысып, қалалық патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесі мен Кинологиялық қызмет орталығына барды. Министрдің орынбасары Мамлют ауданы Новомихайловка ауылындағы учаскелік полиция инспекторының қызметтік үй-жайымен біріктірілген учаскелік полиция пунктіне де бас сұқты.

Жұмыс барысымен танысу кезінде Мемлекет басшымен көрсетілген бағыттарды іске асырудың тиімділігі бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта Петропавлда құрамында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің өкілі, ҚР ІІМ орталық аппараты және Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының қызметкерлері бар тренингтік топ келгенін атап өтті. Мақсаты – бұрын еліміздің басқа өңірлерінде сынақтан өткен, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу және ауқымын кеңейту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру