Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Қарағандыда 858 жол ережесін бұзушылық анықталды

Қарағандыда 858 жол ережесін бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.8 қарашадан бастап Қарағанды облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу және анықтау.

ЖПШ бойынша бірінші тәулікте полицейлер 858 жол ережесін бұзу фактісін анықтап, жолын кесті. Осылайша, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін – 76, телефон пайдаланғаны үшін – 40, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін – алты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілер тарапынан 87 заң бұзушылықтың жолы кесілді.

Сонымен қатар, профилактикалық мақсатта полицейлер 333 дана жадынамалар мен буклеттер таратып, 246 шақырым қауіпті жол учаскелерін тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру