Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тұрғынды екі жыл бойы бопсалаған ер адамды ұстады

Ақмола полицейлері тұрғынды екі жыл бойы бопсалаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Жедел уәкілдер 2019-2021 жылдар аралығында екі жыл бойы белгісіз ер адам зорлық-зомбылық арқылы жәбірленушіден ақша талап еткенін анықтады. Күдікті талап еткен ақшалай төлемнің мөлшері 100-ден 500 мың теңгеге дейін құбылып отырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 24 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру