Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде барлығы 1 258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

  • тегіс ұңғылы атыс қаруына қатысты 6 дерек тіркелді;

  • көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 15 дерегі анықталды;

  • көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік жүргізуінің (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі) 7 дерегі тіркелді;

  • ұсақ бұзақылықтың (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 9 дерегі анықталды;

  • алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 75 дерегі тіркелді;

  • қоғамдық тамақтану орындарында кальян (қорқор) бұйымын пайдаланудың (ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы) 6 дерегі қала аумағында анықталды;

  • кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 78 дерегі тіркелді.

Жедел профилактикалық іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Аталған іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру