«Пробация» іс-шарасы: Семейде 100-ге жуық есептегі сотталған тексерілді
Семейде «Пробация» іс-шарасы барысында 100-ге жуық есепте тұрған сотталған тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 14-23 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы ШҚО ПД Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп, Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді. Бүгінде қызметкерлермен 100-ге жуық есепте тұрған сотталған тексерілді.
Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерделейді.
Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың анықталған фактілері бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыларға қатысты ШҚО Семей қаласының №2 сотына тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілетін болады.
– Тәжірибе көрсеткендей, тек арнайы шаралар белгілі бір дәрежеде кез келген құқық бұзушылық жасауға байланысты теріс процестерге әсер етуге мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі – жыл сайын жедел алдын алу іс-шараларын өткізу, – деп атап өтті бөлім бастығы Бауыржан Малгаждаров.