Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда 6 сотталғанның құжаты сотқа жолданды

Жамбылда алты сотталғанның құжаты сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда пробация есебінде тұрған алты сотталған азаматтың құжаты сотқа жолданды. Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы Қуаныш Халықтың айтуынша, елімізде өтіп жатқан профилактикалық шара барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандардың мекенжайлары тексеріліп, олармен тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілуде.

– Бүгінгі таңда Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 70 сотталған азамат тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді. Іс-шара барысында жаза өтеу талаптарын бұзған 10 жазасын өтеушіге ескерту берілді. Ал бір сотталған пробациялық бақылау мерзімін ұзарту және бес адамның бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру үшін Тараз қалалық №2 сотына ұсыныстар жолданды, – деді Қ. Халық.

Айта кетейік, елімізде 14-23 наурыз аралығында “Пробация” атты құқық бұзушылыққа қарсы республикалық іс-шара өтуде. Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу.

Бұл шараға пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, мамандар күшейтілген қызмет түріне көшкен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру