Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерімен өрттің алдын алынды
СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерімен Булаев қаласында тұратын есептегі сотталған А.С. Омарованы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру барысында өрт алдын алынды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеріс барысында сотталған А.С. Омарованың үйінде тоққа қосулы электрлі шәйнек отқа оранды, әрі – қарай жалын кілемге ауысып үйдін іші түтінге оранды. Өрт шыққан уақытта үйдің ішінде сотталғанның қартайған шешесі және эпилепсия дертімен ауыратын сотталғанның өзі болды.
Алайда пробация қызметкерлері өрт шыққан уақытта батылдық танытып өрттенген шәйнекті тоқтан жұлып кілемді сұмен бұрқып, өрттенген заттарды далаға шығарып үлгерді.
Осыған орай сотталған Омарова А.С. СҚО қылмыстық – атқару жүйесінің департаментінің қолбасшыларына өртті алдын алған пробация қызметкерлеріне разылығын танынтып алғыс хат жолдады.