Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй ешкілерінің әуесқойлары құрықталды

Қызылордада полицейлер үй ешкілерінің «әуесқойлары» – барымташыларды құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

22 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз тұлғалардың үй ауласынан 2  бас ешкісін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы хабарлайды.

 Сонымен қатар, 27 қаңтарда Қараөзек станциясының 49 жастағы тұрғыны үй ауласынан құны 100 000 теңге тұратын 4 ешкісін  белгісіз біреулердің  ұрлағандығы туралы арызданған. Бұдан бөлек полицияға ешкілерінің ұрланғандығы жөнінде бірнеше тұрғын арызданды.

Дереу жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй жануарларын ұрлаған 3 күдіктіні анықтап, ұстады. Олар облыс орталығының 21 жастағы екі тұрғыны мен 16 жастағы кәмелетке толмаған азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктілерді басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Олар өз кінәсін толық мойындап, 30 бас ешкі ұрлығына қатысы бар екендігін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ұсталған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған, ал үшіншісі – кәмелетке толмағанға қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхатта»  бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтары (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру