Пробация қызметінің жұмысы жүйелі атқарылып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының «Шартты сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақжар ауылында орналасқан Фтизиопульманологиялық орталығында сот шешімдерімен мәжбүрлі түрде емделушілері жіті бақылауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тарбағатай аудандық №1 пробация қызметінде жұмыс еш ақсаған емес. Қайталап қылмыс жасаудың алдын алу бойынша іс-шаралар атқарылып, қадағалаулар жиі жүргізіліп тұрады.
Атап айтатын болсақ 2020 жылдың маусым айының 20-25 аралығында өткізіліп жатқан «Шартты сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шара кезіндегі нәтижелерді көрсетуге болады. Осы іс-шара кезінде Ақжар ауылында орналасқан Фтизиопульманологиялық орталығында сот шешімдерімен мәжбүрлі түрде емделушілері де жете бақылауға алынып, Тарбағатай ауданының №1 пробация қызметі және Тарбағатай АІІБ мен бірлесіп қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес есепте тұрған сотталғанды стационарлық орталықтан тексерілді. Фтизиопульманологиялық орталығында сот шешімдерімен мәжбүрлі түрде емделіп жатқан сотталғандар тарпынан ешқандай ескертулер болған жоқ. Қоғаммен оқшаулаумен байланысты емес сотталғандардың түзелу жолына түскені көңіл қуантады. Алдағы уақытта да қайталама қылмысқа жол берілмейді деген сенімдемін.