Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық журналистерді еліміздің бас полицейі құттықтады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ басшысы өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды дамытудағы маңызды рөлін ескеріле отырып, БАҚ қызметкерлері күні белгіленгенін атап өтті.

– Құрметті журналистер!

Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Журналистің жұмысы қай кезеңде де өте жауапты және құрметті. Журналистер күнделікті ең маңызды жаңалықтарды жеткізіп, үлкен ақпарат ағынындағы бізге дұрыс бағыт ұстануға көмектеседі. Сіздердің арқаларыңызда жалпы қоғам шынайы және объективті ақпаратқа қол жеткізіп отырады.

Бүгінгі таңдағы БАҚ өкілдері дарынды және креативті, өз ісіне берілген мамандар. Сіздер өздеріңіздің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, міндеттеріңізге адал орындап келесіздер.

Отандық журналистика қазақстандықтардың барлық сұранысына толық жауап беріп, аудиторияға әртүрлі және сапалы контент ұсынады деп санаймын.

Газет-журнал, радио және теледидар қызметкерлеріне осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін! Тұрақты көрермендеріңіз, тыңдаушыларыңыз бен оқырмандарыңыз көп болсын!, – делінген министр Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауында.

Кәсіби мерекеге байланысты республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының 42 қызметкері Ішкі істер министрінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды, олар азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды белсенді түрде жариялап, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлестерін қосты.Сондай-ақ, ведомстволық наградалар ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері басшыларының атынан өңірлік БАҚ қызметкерлеріне де тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру