Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада армениялық көліктерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бүгінгі таңда Қызылордада Армениядан әкелген 123 көлік заңдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес, Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қызылорда облысының 123 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды  ұсынып және  мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді.

Есепке алынған машиналарға сары нөмір беріліп жатыр. Оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.

Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call – орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру