Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрме ауласынан тыйым салынған заттар табылды

БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/3 мекемесінің қызметкерлері түрме ауласынан сырттан түскен тыйым салынған заттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарауыл бекетінің сақшысынан сыртқы тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреу “белгісіз зат” лактырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен.

Дабыл белгісі бойынша жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағынан белгісіз полимерлі қаптаманы тауып тәркіледі. Белгісіз қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта мен бір дана жад картасы жасырылған. Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, тиісті қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру