Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері аз қамтылған сотталғандарды әлеуметтік дүкеннен киіндірді

Ақтөбе облысының пробация қызметкерлері аз қамтылған сотталғандарды әлеуметтік дүкеннен киіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамға тез бейімделіп, қайта қылмысқа бармауы үшін Ақтөбе облысының Пробация қызметтері есепте тұрған сотталған азаматтарға азық-түлік және киім-кешектермен көмек беріп, қолдау көрсетіп келеді. Сотталған азаматтарды қамқорлыққа алуға арналған осындай акция жуырда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметінде жалғасын тапты.

Акция барысында, Астана аудандық пробация қызметі тұрмыстық жағдайы төмен есепте тұрған сотталғанның отбасын өңірдегі «SHANIRAQ» қоғамдық ұйымының әлеуметтік дүкенінен киіндірді.

Аталған қайырымдылық іс-шарасы 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес, Астана аудандық пробация қызметі мен «SHANIRAQ» қоғамдық ұйымымен өзара қол қойылған меморандум аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.

– Шара барысында Пробация есебінде тұрған сотталған азамат «SHANIRAQ» қоғамдық ұйымының әлеуметтік дүкеннен өзіне және отбасы мүшелеріне қажетті киім-кешектер мен балаларына кеңсе тауарларын алды.
Сонымен қатар, «zellopoisk», «covid-19» еріктілер тобымен Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жалғызбасты ананың балаларына маусымдық киім кешектер берілді. «Zellopoisk», «covid-19» еріктілер тобының қайырымдылық істері мұнымен тоқтамай, күні кеше Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен бірлесіп, қаламыздағы мұқтаж адамдарға тұрмысқа қажетті: тоңазытқыш, кереует, шаңсорғыш, киімдер секілді заттарды таратқан болатын.

Жүректерге жылу ұялататын осындай қайырымдылық шараларына есепте тұрған сотталғандардың өз еріктерімен атсалысулары көңілімізге үміт ұялатады және де мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру