Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері қан тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметкерлері донорлық акция ұйымдастырып, қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күні”  қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері донорлық акция ұйымдастырып, науқастар үшін қан тапсырды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕС-164/1, ЕС-164/3, ЕС-164/6, ЕС-164/9 мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Петропавл қ. пробация қызметінің қызметкерлері өздерінің ішкі наным-сенімі бойынша қан тапсырды.  

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қан тапсыру бойынша акцияларға қатыса отырып, бірнеше жыл қатарынан донор болып келеді. Өйткені күн сайын қан әр түрлі апаттарда, жарақаттан зардап шеккендерге, күрделі операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға қажет.

Өз кезегінде “Облыстық қан орталығының” мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал донор ретінде тек ауыр аурулары жоқ адамдар ғана бола алады.

Облыстық қан орталығы СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы мен жеке құрамына үнемі қан құюға мұқтаж және ауыратындарға көмек көрсеткендері үшін, белсенді азаматтық ұстанымдары мен Солтүстік Қазақстан облысында донорлықты дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру