Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Профилактикалық қадағалау»: Нұр-Сұлтанда 66 сотталғанға ескерту жасалды

Нұр-Сұлтанда 66 сотталғанға ескерту жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі  есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық қадағалау» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараның өткізудің басты мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға тартылған сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қайта қылмысты болдырмау және олардың алдын алып, оң жолға бағыттау және құқықтық тәртіпті күшейту.

Іс-шара кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып, сотталғандарға оң ықпал ететін  ата-анасы және басқа да тұлғалармен профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, қоғамнан оқшалауға байланысты емес сотталғандардың тарапынан  құқық бұзушылық және қылмыстың қайталануын анықтау үшін  олардың тұрғылықты жері, жұмыс орны, жұмыс істейтін жағдайы, әкімшілік деректер базасы мен ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексерілді.

​Іс-шара кезінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 1058 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. 

​Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, 24 сотталғанның тұрақты тіркеуінің болмағаны анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-тармағы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша хаттама толтырылды. 

​Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталды, яғни сот үкімі бойынша белгіленген сағат 22:00-ден кейін тұрақты мекенжайында болмау, тұрғылықты мекенжайынан пробация қызметін хабарламай көшкені үшін 66 сотталғанға ескерту жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру