Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Психотроптық заттарды таратушылар анықталды

Атырауда психотроптық заттарды таратқан адамдар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша күні Атырау облысының ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында екі азаматтың дәрілерді аяқтарымен таптап, жарамсыз күйге жеткізу сәті бейнеленген жазбаны анықтаған.

Бейнетүсірілім авторы тапталған дәрілердің иесі белгісіз ер адамды да камераға түсірген. Аталған бейнежазбадағы дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында Атырау қаласының екі тұрғынының Вокзал маңы-5 ықшам ауданында ер азаматтан 20 дана психотроптық затты тартып алып, аяқтарымен таптап, болған жайды бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ер адамның 20 дана психотроптық затты әйелінен алғанын, ал оның әйеліне аталған затты 1981 жылы туған танысының  сату үшін бергенін анықтады.

Бұл азаматшаның пәтерін тексеру барысында тағы бір дана психотроптық зат табылып, алынды.

Екі азаматшаға қатысты жинақталған құжаттар Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру