Қабылдау-тарату орнына 18 адам орналастырылды
Шымкентте «Таза қала» іс-шараcының алты күнінде 1 602 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында қала аумағында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған іс-шараның алты тәулігінде барлығы 1602 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 534 жайт анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша – 252 жайт. Сондай-ақ, қайыршылық жасап жүрген 175 адам анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен хаттама толтырылды. Қабылдау-тарату орнына 18 адам орналастырылды. Жалға берілетін 1214 пәтер тексерілген. Карантин режимін бұзған 106 нысан анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1505 адам мекенжайы бойынша тексерілді. Аудандық полиция басқармаларына 1416 адам жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды.