Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайта заң бұзушылыққа барған азамат қамауға алынды

Жамбыл облысында қайта заң бұзған азамат бес күнге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат құрықталды. Айта кетейік, Тараз тұрғыны өткен жылы дәл осылай заңды бұзып, айыппұл төлеген.

Биылғы жылы қылмысын қайталаған ол бұл жолы түзеу мекемесінің қоршауына үш дана ұялы телефон, үш дана қуаттағыш құрал, бір дана құлаққап және екі дана сим-картаны лақтырмақ болған. Бүгінде заңды бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 2-бөлігіне сәйкес бес күнге қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру