Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалта ұрылары полицияға жеткізілді

Шымкентте қоғамдық көліктерде жолаушылардың телефонын ұрлаған күдіктілер полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 3 желтоқсанда Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына бірнеше тұрғын телефондарын ұрлап кеткені бойынша арызданған.

Сол күні полиция қызметкерлері аталған жайттар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қылмыс қоғамдық көлікте орын алғаны белгілі болды. Шымкент қаласының №35 жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автокөлікте күдіктілер 2001 жылы туған жолаушының немқұрайлығын пайдаланып, оның «Iphone 11» маркалы телефонын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Ал №74 жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлікте күдіктілер 1999 жылы туған жолаушының немқұрайлығын пайдаланып, оның «Samsung Galaxy A51» маркалы телефонын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген жайттарға қатысы бар төрт күдікті анықталып, полиция жеткізілді. Олар 1992, 1993 және 1994 жылы туған Жамбыл облысының тұрғындары.

Аталған азаматтардың қала аумағында жасаған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды, әрі негізді процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру