Қамысты ауданында браконьерлер ұсталды
Қостанай облысының Қамысты ауданында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция инспекторлары Қамысты ауылына кіре берісте «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікте үш жергілікті тұрғын болған.
Көлікті тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлері еліктің етін, сондай-ақ өлтірілген жануардың қаны жұққан екі мылтық, пышақ және көлікте болған азаматтардың жеке заттарын тәркіледі.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 337-бабы(Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.