Қан қажет науқастарға шымкенттік тәртіп сақшылары көмек берді
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам өмірін арашалауға атсалысу мақсатында қан аса қажет науқастарға тәртіп сақшылары осылай көмек беруді шешіпті. Қан тапсырмас бұрын тәртіп сақшыларының барлығы дәрігерлiк тексеруден өтті. Қайырымдылық шарасын қолға алған Еңбекші ауданы Полиция басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай игі бастама жиі ұйымдастырылып тұрады.
– Біздің қызметкерлер қызмет барысында экстремалды жағдайларға куәгер болып, қан тапсырудың басқа адамның өмірін сақтауға себеп болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан полиция қыметкерлері қан тапсыруға белсенді ат салысады, – дейді Еңбекші ауданы Полиция басқармасы кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Сафаметов Сабыржан.