Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды автожолдарында эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысының жолдарында бір тәулікте 346 адамға көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында 29 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару іс-шараларына ТЖ департаментінің, Ұлттық ұланның жергілікті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, 89 адам мен 46 бірлік техника жұмылдырылды.

Құтқару жұмыстары Осакаров, Нұра, Жаңаарқа, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының, Теміртау қала маңындағы жолдарда жүргізілді.

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 220 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. 126 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала және 58 көлік жолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды.

Сонымен қатар, жолдарды жабу бекеттеріндегі көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларына жылыту бекеттерінде тамақтандыру ұйымдастырылып, азық-түлік таратылды.

Автожолдарды жабу-ашу, дауылды ескерту, сабақты тоқтату туралы ақпарат «Дармен» мобильдік қосымшасында қолжетімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру