Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облыстық ПД басшысының орынбасары тағайындалды

Қарағанды облыстық Полиция департаменті басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


25 сәуірде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Департамент басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына полиция полковнигі Әбіл Қалиақпарұлы Әбілдин тағайындалды. Жаңа орынбасарды жеке құрамға облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин таныстырды.


Әбіл Әбілдин 1977 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Ішкі істер органындағы қызметін 1995 жылы Қазақстан Респукбликасы Ішкі істер министрлігінің Семей заң колледжінде курсант болып бастаған. 1997 -2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасында әртүрлі жедел қызметтерде қызмет атқарған. Криминалдық полиция бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты Октябрь аудандық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бөлімін басқарған. 2012-2017 жылдар аралығында Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

Облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін полиция полковнигі Әбілдин Әбіл Қалиақпарұлы облыстық ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.


Әбіл Әбілдинді жеке құрамға таныстырған Департамент басшысы Ерлан Файзуллин алдағы уақытта атқарылар жұмыстар туралы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру