Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Медицина қызметкерін қорқытқан ер адам анықталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не “қорқыту” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған “ұсақ бұзақылық” жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру