Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облыстық ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті

Қарағанды облыстық ПД-да консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті. Аталған кеңесте, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Тұжырымдамасының жобасы тақырыбында сөз қозғалды. Кеңесті, облыстың Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жұман Нұрпейісов жүргізді. Сонымен қатар, кеңеске полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шәкенов, өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Темірлан Аманбаев, департаменттің басқарма бастықтары және аумақтық полиция бөліністері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Алдымен консультативтік-кеңесші органның мүшелері полицияның сервистік жүйеге көшу сұрақтарына байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шәкеновтің баяндамасын тыңдады.

– Мемлекет басшысы «шешім қабылдауға азаматтардың қатысуын едәуір ұлғайта отырып, қоғам мен мемлекет арасында тең және тиімді қарым-қатынас моделін қалыптастыру» туралы міндеттеме қойды.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіндегі басты міндет «қауіпсіз және құқықтық қоғам орнату үшін, полицияның күштік жұмысынан құқық қорғау органдары мен азаматтардың сервистік модель қарым-қатынасына көшу». Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қоғамның заманауи сұраныстары, жаңа қауіптер мен қатерлерді шешуге бағытталған болу керек, – деп атап өтті Қайырбек Шәкенов.

Ол сонымен қатар полицияның жүйелі атқарған жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы Қарағанды облысында жалпы қылмыстардың саны 15,8%-ға, ауыр қылмыстар 9,3%-ға және аса ауыр қылмыстардың саны 26%-ға азайғанын да тілге тиек етті.

– Полиция жұмысын бюрократиядан азаматтардың полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге бағытталған «қадамдық» қолжетімділік жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ полицияға деген сенім мен азаматтардың қауіпсіздік сезімін арттыруға баса назар аудара отырып, оңтайлы және тиімді жұмыс процестерін құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Процестерді цифрландыруды дамытуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына заманауи IT-құралдарды енгізуге ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, адам ресурстарын басқарудың оңтайлы әдістерін әзірлеу және қойылған міндеттерді орындау үшін кадрлық әлеуетті арттыру көзделіп отыр, – деді облыстың ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қайырбек Шәкенов.

Осыдан кейін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Темірлан Аманбаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ кеңесші орган мүшелеріне полиция қызметкерлерін парасаттылыққа тексеру бойынша енгізілген «Integrity Check» пилоттық жобасы бойынша баяндады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексеру тетігі енгізілді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері пара алу және беру фактілерінің жолын кесуге және оларға жол бермеуге міндетті. Барлық бөліністерде осы пилоттық жобаның негізгі талаптары полиция қызметкерлеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша лауазымды тұлғаларға пара берудің 11 фактісі тіркелді, оның ішінде облыс ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен екі фактісі бойынша 367-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы сәтті пайдалана отырып, консультативтік-кеңесші орган мүшелерінен, яғни журналистер мен қоғам белсенділерінен халықпен кездесу барысында лауазымды тұлғаларға пара беру ауыр қылмыс және бұл бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертулеріңізді сұраймын, – деді Темірлан Аманбаев.

Кеңес соңында департаменттің басқарма бастықтары арасынан консультативтік-кеңесші органның жаңа мүшелері таңдалып, алдағы атқарылар жұмыстар бойынша міндеттер белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру