Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ПД бастығының міндетін атқарушы учаскелік полиция инспекторларымен бірге жұмыс атқарды

Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы учаскелік полиция инспекторларымен бірге жұмыс атқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенбінің кешінде облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов учаскелік полиция инспекторларымен бірге жұмыс атқарды.

“Бүгінгі күні учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жұмыс жасау бекерден бекер таңдалған жоқ. Демалыс күндері бұл қызметкерлердің жұмысында тыным болмайды. Оларға түсетін шағымдардың саны да басқа күндерге қарағанда күрт өседі. Ал ол шағымдарды жан-жақты талқылау, әрқайсысына ұқыптылықпен қарап, материалдардың толық болуын қамтамасыз ету мақсатында көршілермен әңгіме жүргізу – учаскелік инспекторлардың күнделікті тынымсыз жұмыстарының бір парасы. Сондай-ақ учаскелік полиция пунктіне келетін азаматтармен әңгіме жүргізу, олардың арыз-шағымдарына тыңғылықты жауап беру, бұның барлығы – учаскелік инспекторларға жүктелген басты міндеттердің бірі”, – деді Құрманғали Ысмағұлов.

Учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысқаннан соң Құрманғали Ысмағұлов полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалардың мекен-жайларын тексерді. Есепте тұрғандарды тексеру барысында ішімдікке салынған азаматтың анасынан полиция бөліміне арыз түсті. Ер адам ішімдікке салынғанымен қоймай, үйіндегі бағалы заттарды сата бастаған. Анасының айтуынша, 39 жастағы азамат таңертеңгілік ішімдігін қоятынын айтса, кешкілік ішіп келіп, үйінің шырқын бұзып отырған. Арызданушы азаматшаға полиция қызметкерлері мәжбүрлі түрде емдеуге жатқызу ережелерін түсіндіріп, дүйсенбі күнге дейін қажетті құжаттарын жинап, сотқа жолдайтындарын жеткізді.

Бұндай арыздар учаскелік полиция инспекторларына күніне бірнешеуі түсетіні белгілі. Полицейлердің сөзінше, кейбіреуін мәжбүрлі түрде емдеуге жолдаса, енді бірі үй іштерінен кешірім сұрап, аз уақытқа ішімдігін қойса, арада уақыт өте қайтадан сол жолға түсіп жататындары да жасырын емес.

№11 учаскелік полиция пункті Қарағанды қаласының Язев көшесінде орналасқан. Аталған пункттің инспекторларының әкімшілік аумағында 34 мың халық тұрады. Аталған әкімшілік аумаққа қызмет көрсететін полицейлер есепте тұрған 70 тұлғамен алдын алу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Аумақта тоғыз ойын-сауық орындары орналасқан.

Жыл басынан бері әкімшілік аумақты қадағалайтын учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау кезінде 950 тұрғын әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру