Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы полиция департаменті "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Қарағанды облысы полиция департаменті "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров патрульдік полиция полкінің қызметке түсер алдындағы саптық таратылымына қатысты. Алдымен полиция полковнигі облыс орталығында қызмет атқаратын тәртіп сақшыларының қызметке сай екендіктеріне тексеру жүргізді.

Одан кейін Жасқайрат Қайыров патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне биылғы жыл Ішкі істер министрімен "профилактика жылы" болып белгіленгенін еске салып, осы бағытта жұмысты үздіксіз жүргізуді тапсырды.

- Жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында полиция департаменті ақпанның 18-і мен 21-і аралығында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шара кезінде облыс жолдарында полиция жасақтарының саны артып, тәртіп сақшылары еріктілер мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен рейдтер жүргізілетін болады. Ондағы мақсат - көлік құралдары иелерінің тәртіпті сақтауы. "Заң мен Тәртіп" қағидатын баршамыз ұстануымыз керек, - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кету керек, патрульдік полиция полкі мен батальонының қызметкерлері үнемі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіріп отырады. Осыған қарамастан, жүргізушілердің өзімен қоймай, өзгенің өміріне салғырт қарауынан жыл басынан бастап облыс жолдарында 44 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 адам қаза тапса, 58 адам әртүрлі жарақаттар алған. Жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде жол жүру ережесін бұзғандарға 15 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынса, көлікті мас күйінде басқарған 83 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру