Қарағанды облысында 25 миллион теңгеден асатын жүкті ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында 25 миллион теңгеден асатын жүкті ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне жолдардымен салу және жөндеумен айналысатын компания өкілінен арыз түсіп, белгісіз біреу Shaanxi Man жүк көлігін көп мөлшердегі жүкті ұрлап кеткені туралы шағым түскен болатын. Келтірілген шығын мөлшері 25 миллионнан астам теңгені құрайды. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында полицияда ұзақ уақытқа созылған қылмысты ашуға мүмкіндік пайда болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар күдікті – 27 жастағы Балқаш қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.Жүк көлігін тонаушы бұрын осы компанияда жұмыс істеген болып шықты. Ұрланған жүк көлігі тәркіленіп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.