Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында әйел ауылдасының үйіне ұрлыққа түсті

Қарағанды облысында әйел ауылдасының үйіне ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 19 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Бойжеткен жұмыста болған кезде оның үйіне белгісіз біреу кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін айтты.

Ұры құлыпты бұзып, үйге кіріп, үш кілем, төсек-орын және киім-кешектерді алып кеткен. Ұрланған заттардың жалпы шығын көлемі 31 мың теңгені құрады.

Полицейлер күдікті 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол ұрланған затты сатуды жоспарлағанын айтып, кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру