Қарағанды облысында алаяқтар зейнеткерді 3,6 млн теңгеге алдап кеткен
Қарағанды облысында зейнеткерден алаяқтық жолмен 3,6 млн теңге алып кеткен күдіктілерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 86 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Зейнеткер полицейлерге өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырған ер адам мен әйел адам қонақ бөлмесінен 3 млн 600 мың теңге ақша алып кеткені туралы хабарлады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 тармағына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай әкімдік қызметкерлеріміз деген күдіктілер зейнеткердің үйіне келіп, қазіргі уақытта ақша айырбастау процессі жүріп жатқанын және бұл процестің соңғы күні екенін айтқан. Зейнеткер оларға жинаған ақшасын бергенде, алаяқтар ақша ауыстыру жұмысы ерекше тәртіппен жүргізілетінін айтып, зейнеткердің құжаттарын және банк картасын суретке түсіріп кетіп қалған. Арада уақыт өткенде, зейнеткер алаяқтардың 3 млн 600 мың теңге ақша алып кеткенін бірақ біліп, полицияның көмегіне жүгінген.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел адам ұсталды. Олар қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді.