Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары 250 мың теңгенің мыс сымын ұрлаған

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары 250 мың теңгенің мыс сымын ұрлағап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымда Қарағанды облысының Осакаров ауданының полиция бөліміне сол елді мекендердің бірінде тұратын 71 жастағы тұрғын жүгінді. Зейнеткер жеке үйінің ауласынан бейтаныс біреулердің 100 метрлік мыстың сымын ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 250 мың теңгені құрады. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы келді.

Анықталғандай, зейнеткер бір кездері электромонтер болып жұмыс істеген және сол кезден бастап осы мыс сымының орамасы қалған. Оның кейін бір қажеттілікке жарайтының біліп, өз ауласында сақтап келген. Аталған мүлік біреулерді қызықтырар деп ойламады.

Полиция екі қаскөй әрекет еткен болуы мүмкін деп болжайды. Себебі жалғыз адам ауыр мыс орамасын алып кете алмайды. Сонымен қатар, ұрлықты жасаған тұлғалар зейнеткерден қалай пайда таба алатынын білген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті 30-37 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Екеуі де зейнеткердің ауылдастыры болып шықты. Қаскөйлер мыс орамасын мыс сынықтарын қабылдайтын орынға тапсыруды жоспарлағандары туралы мойындау көрсетпелерін берді. Мыс сымының орамасы ұсталғандардың бірінің қорасынан табылып, иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру